Қонаев. 5 тамыз. ҚазТАГ- Алматы облысының Талғар өзенінің бассейніндегі көлде жиналған су жағалауды жырып ағу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Талғар өзенінің бассейніндегі №19 көл қазіргі көлдің солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде жиналған су жағалауды жырып ағуы мүмкін сол себепті қауіп төндіруі мүмкін»,- делінген хабарламада.
Фондық бағалау әдістемесіне сүйене отырып сел ағындарын болжау бойынша мұздық көлдің серпілісі ағымдағы жылдың 6 – шы тамызынан бастап болуы мүмкін.
Осыған байланысты Талғар ауданының тұрғындары, қонақтары және демалушылар мен туристер Талғар қаласының басында орналасқан гиротехникалық қондырғыдан асып тауға, демалыс орындарға шығуға тыйым салынған.
«Талғар өзені арнасына жақын орналасқан тұрғын үй иелеріне және жергілікті халыққа үнемі әлеуметтік желілерді, теледидиар және радиобайланыс желілеріне, электросиреналардың қосылуы кезінде мұқият тыңдап, құлақ түрулеріңізді сұраймыз»,- деп қосты әкімдік.
Қатысты сілтемелер
-
Бас прокуратура АЭС референдумы бойынша заңбұзушылықтарды анықтады
12 Қыркүйек 2024, 14:24 -
Орал әкімдігі өзінің қызметін атқару үшін Т1 млрд сұрауда
12 Қыркүйек 2024, 13:57 -
Алматыда Есентай өзенінің саябақтарын күтіп ұстауға Т1,6 млрд жұмсамақ
12 Қыркүйек 2024, 10:43 -
Қазақстанда бейсенбі күні жауын- шашынсыз ауа райы күтіледі
12 Қыркүйек 2024, 08:44 -
Интернет-қылмыстардың көпшілігі шетелден отырып жасалады- Бектенов
11 Қыркүйек 2024, 17:41