Талғат Ақсамбиев: Қазақстанда қалдықтарды сақтайтын полигондардың барлығы өз мүмкіндіктерін сарқып отыр

Алматы. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Асхат Ахметбеков. Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) сақтайтын полигондардың жалпы көлемі 100 млн тонна. ҚазТАГ агенттігіне энергетика вице-министрі Талғат Ақсамбиев осындай деген мәліметтерді келтірді. Бұл ретте, оның айтуынша, ТҚҚ сақтайтын полигондардың барлықтарының пайдалану мерзімі аяқталған, оларды жапқан топырақ құнарлығын қайтадан қалпына келтіру керек, олардан шығатын газдарды жинау керек, және жаңа өңірлік иженерлік полигондар салу керек. 

 - Қазіргі күні Қазақстандағы арнайы полигондарда сақтаулы өндірістік, тұрмыстық қатты және басқа да қалдықтардың көлемі қандай? 

 - Тұрмыстық қатты қалдықтардың өсу қарқыны ол халық санының артуы және экономиканың өсуіне тікелей байланысты. Жинақталған ТҚҚ жалпы көлемі 100 млн тонна, оған қоса жыл сайын 5-6 млн тонна қосылып тұрады. Өндірістік қалдықтар көлемінің өсіп отыруы 2013 жылы 382,214 млн тонна болып, жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі 9,8 млрд тонна болды, ал ол 2012 жылғыдан 0,2 млрд тоннаға артық, ал 2011 жылғыдан 0,3 млрд тоннаға кем. Ондай қалдықтардың есебі 2012 жылғы 21 мамырдағы №164-п бұйрығымен бекітілген формада көрсетілген қауіпті қалдықтар бойынша есеп негізінде жүргізіледі. Ал күл қалдықтарына келетін болсақ, олар бүгінге кәсіпорындарда 553 млн тонна көлемінде жинақталған және жылу электрі орталықтарының аумақтарында шоғырланған. 

 - Өнеркәсіптің қандай саласының кәсіпорындары өз жұмысы барысында қалдықтарды көп шығарады? 

 - Өндірістік қатты қалдықтарды ең көп шығаратын - тау-кен өнідірісі. 

 - Өндірістік қалдықтар дегеніміз не? Қандай өндірістік қалдықтар Қазақстан халқына ең қауіпті, және олар экологияға қалай әсер етеді? 

 - Өнеркәсіп қалдықтарын өндірістік қалдықтарға жатқызады. Олар өндіріс барысында пайда болатын және тұтыну қасиеттерінен толығымен немесе жартылай айрылған шикізат, материалдардың және басқа да бұйымдардың қалдықтары. Қауіпті қалдықтар тізіміне Экологиялық кодекстің 287 бабында қарастырылған қалдықтар жатады. Олар жарылғыш заттар; тез тұтанып кететін сұйықтықтар; тез от алатын қатты заттар; өздігінен тұтанатын заттар мен қалдықтар; тотығатын заттар; органикалық пероксидтер; улы заттар; созылмалы аурулар тудыратын уытты заттар; инфекция жұқтыратын заттар; тотығатын заттар; экоуытты заттар; сумен қосылғанда тұтанатын газ бөлінетін заттар мен қалдықтар; ауа мен сумен қосылғанда улы газ бөлінетін заттар мен қалдықтар; жоғарыда аталған қасиетке ие болатын басқа заттарды құрай алатын заттар мен материалдар. 

 - Елімізде өндірістік қалдықтарды кәдеге асыратын, өңдейтін кәсіпорындар бар ма? Олар қандай өндірістік қалдықтарды өңдеумен айналысады және еліміздің қай өңірлерінде орналасқан? 

 - Табиғатты пайдаланушылар қазірдің өзінде қалдықтарды азайтатын жаңа технологияларды жүйелі түрде енгізуде. Мысалы, Ақтөбенің «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ ферроқорытпа зауытында тұрақтандырылған қиыршық тас беретін тазартылған феррохром балқыту технологиясы көміртегі орташа және жоғары феррохром көлемінің қысқартуына әкелді. Қызылорда облысының аумағында мұнай қалдықтарын өңдейтін кәсіпорын бар. Ол қалдықтар кен алынып қойылған карьерлердегі топырақтардың құнарлығын қалпына келтіруде және өндіріс арасындағы жолдар салуда қолданылады. Шығыс Қазақстан облысында «Қазмырыш» ЖШС қорғасын өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу ағымдағы қалдықтарды шұңқырларға жинауды азайтты. 

 - Өндірістік қалдықтарды кәдеге асыратын жаңа зауыттар салу қажеттігі бар ма және қандай өңірлерде? Осы сияқты жаңа өндіріс ашу жоспарлануда ма? 

 - Қалдықтарды өңдейтін және кәдеге асыратын жаңа, заманауи өндірістерді іске қосу қажеттігі бар, әсіресе ол тау-кен өндірісі өнеркәсібі дамыған өңірлерге керек. «Өндірістік, оның ішінде «тарихи» ластағыш қалдықтарды кетіру проблемасын шешу үшін ҚО энергетика министрлігі Дүниежүзілік банкімен «Тұрақты органикалық ластағыштардың қалдығын жою» жобасы іске асырылуда. Жоба мақсаты – қауіпті қалдықтарды жою зауытын салу. Ол халық пен қоршаған ортаға әсерді мейлінше азайтуға мүмкіндік береді. 

 - Қазақстанда құрамында сынап және күшән мен басқа да қауіпті заттары бар қалдықтарды өңдейтін кәсіпорын бар ма? Елдегі ондай қалдықтардың көлемі туралы мәліметтер бар ма, және осы мәселеге қатысты жағдай қандай? 

 - Құрамында сынап бар тұрмыстық қалдықтарға қатысты жағдай ерекшелігі бар. Атап айтқанда, кейін өңдеу үшін (демеркуризация) құрамында сынап бар шамдарды (люминесценттік) мекемелер мен ұйымдардан және сынап термометрлерді медициналық мекемелерден жинау жүйесі жөнге келтірілген. Сондай-ақ Қазақстанда сынабы бар қалдықтарды өңдеумен айналысатын кем дегенде ондаған кәсіпорын бар, олардың жартысы демеркуризациямен айналысады. 

 - Елде қолданыстан шыққан ұялы телефондарды, гаджеттерді, компьютерлік, және телевизиялық, басқа да тұрмыстық техникаларды, қуат үнемдегіш шамдарды өңдейтін арнайы өндіріс құру қажеттігі бар ма? Қазақстанда жиналған ондай қалдықтар көлемі қандай? 

 - Үкімет «Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014-2050 жылдарға арналған бағдарламасын» қабылдады. Онда электрондық және электрлік аспаптарды кәдеге асыру жолы ретінде оларды өндірушілер мен жеткізушілердің жауапкершілігін кеңейту қарастырылған. Бүгінге электрлік аспаптар мен тұрмыстық техникалардың жекелеген түрлерін өз беттерінше өңдеумен айналысатын аздаған ғана стихиялық нарық бар, олар да негізінен ол аспаптардағы түрлі-түсті және қымбат металдарды алумен айналысады. 

 - Қазақстанның өңірлері өзінің тіршілік әрекет үдерісінде жыл сайын тұрмыстық қатты қалдықтарды қандай көлемде шығарады? 

- Өңірлік тұрғыдағы жан басына шаққандағы ТҚҚ жинау нормалары кең диапазонға ие – жылына бір адамға 80 килограмнан жылына бір адамға 400 келіге дейін жетеді. 

 - Осыған дейін ресми тұлғалар Қазақстандағы ТҚҚ-ға арналған полигондардың 97%-ының санитарлық талаптарға сай келмейтінін мәлімдеген еді. Бұл мәселені шешу үшін мемлекет не нәрсе қабылдауға ниетті? 

- Іс жүзінде барлық полигондар өзінің әрекет мерзімін тауысып бітірді, топырақ құнарлығын қалпына келтіру, үйінді газын жинау, сондай-ақ жаңа өңірлік инженерлік полигондар салу қажет болып отыр. Үкімет тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдау, сұрыптау, қайта өңдеу және көмудің ауыр инфрақұрылымы бар заманауи санитарлық ережелерге жауап беретін тұрмыстық қатты қалдықтардың қазіргі полигондарының топырақ құнарлығын қалпына келтіру және жаңаларын салу міндет ретінде кіретін «2014-2050 жылдарға арналған тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру бағдарламасын» қабылдады. 

 - Қазақстанда ТҚҚ қайта өңдеу мен оны кәдеге жарату бойынша жаңа зауыттарды пайдалануға беру жоспарланып отырғаны белгілі. Қазіргі таңда әрекет етіп жатқан сондай кәсіпорындардың саны қанша және олар қандай елді мекендерде орналасқан? 

- Бүгінгі таңда қайта өңдеу мен кәдеге жарату қызметі лицензияланбайды, соған байланысты қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратуды іске асыратын кәсіпорындардың санын есепке алу жүргізілмейді. 

- Жалпы алғанда елде бөлек жинауды қашан енгізу жоспарлануда, және бұны қандай жағдайда іске асыру мүмкін болмақ? 

- Жоғарыда аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін қолдау мен жағдайлар құру шарасында жұртшылықты бөлек жинау жүйесін дамытуға тарту үшін бөлек жинауға халықты ынталандыру құралдарын ендіру, сараланған тарифтер енгізу қажет деп белгіленген. Аталмыш кезеңде сараланған тарифтер тыңғылықтау сатысында жатыр. 

 - Осы жылдың сонау басында жария етілген мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 500 мың тоннаға жуық қағаз бен картон, 500 мың тонна пластмасса, 200 мың тонна металл мен басқа да құнды заттектер және материалдар үйінділерде жатыр. Атап айтқанда, пластмассалық қалдықтар мен әйнекті қайта өңдеудегі жағдай қалай? 

- Жоғарыда көрсетілген бағдарлама қайнар көзден коммуналды қалдықтарды бөлек жинауды ендіруді қарастырады. Екінші кезектегі материалдарды бөлек жинау жүйесін ендіру қоқысты жинау орындарында іске асыру жоспарлануда, соның ішінде екінші кезектегі материалды ресурстарға (қағаз/картон, пластмасса, әйнек, металл) арналған қосымша контейнерлер орнату көзделуде. 

 - Сіздің ведомствоның пікірінше, Қазақстанда пластикалық пакеттердің сатылуына, пайдаланылуына тыйым салу және өндірілуіне шектеу қою қажет пе? 

- Пластикалық пакеттерді пайдалану, және/немесе өндірісін, сатылымын бақылау, шектеу және оларды кәдеге жарату мәселелері біздің ел үшін өзекті. 

 - Пластмассалық өнімді шығаратын, оны сататын компанияларды жауаптылыққа қалай ынталандыруға болады? 

- Қазіргі таңда қалдықтарды қайта өңдеу секторын ынталандыру мақсатында ҚР «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ҚР Экологиялық кодексіне өндірушінің кеңейтілген жауаптылық нормасын енгізуде. Оның қабылдануы қаптама, электронды және электр құрылғыларының, көлік бұйымдарының, аккумуляторлардың, жиһаз бен өзге де тауарлардың пайдаланып болғаннан кейінгі қалдықтарын жинау мен оны кәдеге жарату шығындары бөлігін өтеу мақсатында қалдықтарды қайта өңдеу секторын дамытуға бағытталған. 

 - Қазақстанда стихиялық, шешілмеген қоқыс үйінділерінің жайы қалай? Бүгінде осы проблеманың ауқымы қаншалықты? 

- Шағын қалаларға, сондай-ақ ауылдық жерлерге я қоқысты жинау мен тасу қызметін көрсетудің жеткіліксіз дәрежесі, я сол қызметтердің төмен сапалық проблемасы тән. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар ҚТҚ полигондарын салу мен оларды заңдастыруды жүзеге асыруда. 

 - Қалдықтарымен өз елді мекендерін, ел табиғатын ластаушы заңды және жеке тұлғаларға қатысты заңнаманы қатайту мәселелері күн тәртібінде тұр ма? Қазақстанда тәртіп пен тазалық мәдениетін қалайша дарытуға болады? 

 - ҚР «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасында қалдықтар бойынша заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту қарастырылған. 

 - Сұхбатыңыз үшін рақмет.

adimage