Талғат Бигелдиновты Алматыда Бауыржан Момышұлының зиратының жанына жерлейді

Күні: 14:18, 11-11-2014.

Алматы. 11 қараша. ҚазТАГ – Кеңестік ұшқыш-шабуылшы, Кеңестер Одағының екі дүркін батыры, Қазақстанның авиация генерал-майоры  Талғат Бигелдинов Алматыдағы «Кеңсай-1» зиратына, Кеңестер Одағының батыры Бауыржан Момышұлының зиратының жанына жерленетін болды, деп мәлім етті генерал-майор Махмұт Телеғұсов.
«Ертең (12 қарашада – ҚазТАГ) 9.15 сағатта 28 панфиловшылар бағында қоштасу болады, қоштасудан соң 10.45 сағатта Армия үйінің алдында митингі өтеді. Одан кейін Т. Бигелдиновты «Кеңсай-1» зиратына жерлейді», - деді М. Телеғұсов сейсенбі күні.
Сондай-ақ ол жаназалық ас 15.00 сағатта қабылдау үйінде өтетінін хабарлады. Одан басқа, сейсенбі күні «Жұлдыз» мейрамханасында еске алу кешкі асы беріледі.  
Еске салсақ, 10 қарашада Алматыда 93-ке қараған жасында авиация генерал-майоры Т. Бигелдинов қаза болды.
1944 жылы 26 қазанда гвардияшыл Т. Бигелдиновқа Знаменка, Кировоград қалаларын азат етуде ерлігі мен әскери шеберлігі үшін және жеке өзі әуе соғысында атып түсірген жаудың 4 ұшағы үшін Кеңестер одағының батыры атағы берілді.  
Екінші «Алтын жұлдыз» медалімен гвардияшыл Т. Бигелдинов 1945 жылы 27 маусымда Краков, Оппельн (қазір Ополе), Катовице, Бреслау (қазір Вроцлав) және Берлин қалалары үш өткен ұрыстарда эскадрилияны шебер басқарып, жау әскерлері мен техникасы шоғырланған жерлерге шабуылдағы ерліктері үшін берілді.  
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Т. Бигелдиновтың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қазақстандықтар өзінің «қаһарман отандасымыздың есімі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын, оның атындағы көшелер мен мектептер және ескерткіштер, кітаптар, фильмдер батыр есімін ұдайы есімізге салып отыратынын» атап көрсетті.


Жаңалықтармен бөлісу: