Талдықорғанда 42 жасар әйелдің өліміне күдікті екеу ұсталды

Алматы. 15 шілде. ҚазТАГ – Талдықорғанда 42 жасар әйелдің өліміне күдікті екеу ұсталды, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Талықорған полицейлері 42 жасар әйелдің өлімін ашты. Аса ауыр қылмыс жасау күдігі бойынша оның күйеуі ұсталды, ол танысымен бірге марқұмның мәйітін жеке үйдің жертөлесіне жасырған», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Полицейлердің айтуынша, қылмыс 12 шілдеге қараған түні жалдамалы пәтердің бірінде орын алған, «отбасылық жанжал үстінде ер адам әйеліне екі рет пышақ жарақатын салған».
«Белгілі болғандай, қылмыс жасалғаннан кейін оны жасыру мақсатымен күдікті танысын шақырып, екеуі мәйітті жеке аулаға шығарып, үйдің жертөлесіне жасырып қойған. Екеуі де ұсталды. Жәбірленуші әйелдің де денесі табылды. Адам өлімі дерегі бойынша сараптама тағайындала отырып, сотқа дейінгі тергеу басталды, оны Талдықорған полициясының тергеушісі жүргізетін болады», - деді ПД-нен.
Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс құралы ретінде пышақ пайдаланылған. Оны полицейлер оқиға орнынан тауып, тәркілеген. Пышақ заттай айғақ ретінде қылмыстық тергеу материалына тартылған.

adimage