Талдықорғанда екі қабатты коттеджде өрт шықты

Талдықорған. 21 ақпан. ҚазТАГ – Талдықорғанда екі қабатты коттеджде өрт шықты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«21 ақпанда сағат 7.22-де Талдықорған қаласында екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шықты», - деп хабарлады Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен сәрсенбі күні.
Өрт себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
«45 ш.м. шарпыған өрт 7.53-те ауыздықталды, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», - деді ТЖД.

adimage