Талдықорғанда орамдық қазандық салуға Т9,7 млрд астам қаражат жұмсамақ

Астана. 9 қыркүйек. ҚазТАГ – Талдықорған қаласында орамдық қазандық салу бойынша жұмыстарға Т9,7 млрд астам қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ; атауы - тұрғын емес ғимараттарды/құрылыстарды салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Талдықорған қаласының Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданында орамдық қазандық салу; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т9 725 679 365», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 29 тамызда басталған, 13 қыркүйекте аяқталады.

Фото көзі: Ашық дереккөз


adimage