Талдықорғанда жұмыспен қамту орталығының директоры мемаудитке пара берген деп күдіктелуде

Астана. 9 қазан. ҚазТАГ – Талдықорғанда жұмыспен қамту орталығының директоры мемлекеттік аудиторға пара берген деп күдіктелуде, деп хабарлады сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінен.
«Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» МҚБ директорына қатысты пара берген деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол делдал – «Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» МҚБ директорының орынбасары арқылы «Алматы облысы бойынша ревизиялық комиссия» ММ мемлекеттік аудит жөніндегі бас маманына актіде жоспарлы тексеріс қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды көрсетпеу үшін Т400 мың көлемінде пара берді деп айыпталуда», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, аталмыш лауазымды тұлғалардың пара беруге және алуға қатыстылықтары тексерілуде.

adimage