Алматы. 29 шілде. ҚазТАГ – Талдықорғанда «жөндеу жұмыстарына» көңілдері толмаған ауылдықтар республикалық тас жолын жауып тастады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«28 шілдеде сағат 10.30-да 14 адамнан тұратын ауылдықтар Талдықорған маңында Бақтыбай ауылы арқылы өтіп жатқан Алматы-Өскемен республикалық тас жолын жауып тастады. Ауыл тұрғындарының ашуына тас жолы маңында жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасыздығы тиген», - деді дүйсенбі күні Алматы облысы полиция департаментінің (ПД) ресми өкілі Көбейхан Мырзақұлов.
Ол оқиға орнына келген полицейлердің «рұқсат етілмеген акция қатысушыларымен заңға қайшы әрекеттерге жол берілмейтіні жайлы түсінідіру жұмыстарын жүргізіп, оларды жолдан ығыстырып, көліктердің қозғалысын қайта жандандырды» деп нақтылады.
«Ауылдықтармен, сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган өкілдері кездесті, тұрғындардың шағымын тыңдап, елді мекеннің проблемалы мәселелерімен жұмыс жасауда. Рұқсат етілмеген акцияны ұйымдастырушылар мен оның ең белсенді қатысушылары қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапқа тартылатын болады», - деді өңірдегі ПД-нен.
Әлеуметтік желідегі ең танымал өңірлік топ әкімшілігі нақтылағандай, ауылдықтар тас жолды «олардың үйлерінің үстінен өткізгеніне» көңілдері толмайды.
«Әдетте ауылдарда адамдар бәрінен қорқады. Алайда бір ауылда бір көшеде тұратын бірнеше отбасы өз құқықтары үшін күресуде. Олардың үйлерінің үстінен тас жолын салған. Үйлердің қабырғалары үгітіліп жатыр, жаңбырлы және қарлы ауа райы кезінде еріген су олардың ауласына кіріп кетеді, одан да басқа көптеген шешілмеген мәселе бар. Және әлі күнге дейін жергілікті биліктен аталмыш мәселеге қатысты нақты жауап жоқ. Бүгін түрғындар қолдарына плакат ұстап шығып, жолды жауып тастады. Шарасыздық. Алматы облысы Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылы», - делінген хабарда.
Талдықорғанда «жөндеу жұмыстарына» көңілдері толмаған ауылдықтар республикалық тас жолын жауып тастады
