Талдықорғанда жаңа орталық мешіт ашылды

Күні: 18:20, 07-11-2014.

Талдықорған. 7 қараша. ҚазТАГ – Талдықорғанда жаңа орталық мешіттің ашылуы өтті, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Бұл мешіт рухани азықпен сусындатар кәусар бұлақ секілді, мәдени-ағарту, ізгілік пен бірліктің орталығы болады деп ойлаймын», - деп атап өтті облыс әкімі Амандық Баталов жұма күнг мешіттің ашылу салтанатында.
Салтанатты рәсімге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Маямеров пен Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев қатысты.
Дін істері басқармасының ақпарынша, бүгінгі таңда облыс көлемінде 391 мешіттің қызмет көрсететінін айта кеткен жөн. Жаңа мешіт тек құлшылық орны ғана емес, сонымен қатар, мұнда кітапхана, медресе, неке қию орындары бар.
Жаңа мешіт 2 қабаттан, бір мезетте өзіне 1200 адамға дейін сыйдыра алатын әсем ғимарат негізінде тұрғызылды. Құрылыс жұмыстарын «Ауыл құрылысы» ЖШС-і барлық діни архитектуралық заңнама-дәстүрлерді сақтай отырып жүргізді. Ғимарат аумағы 4 500 шаршы метрді құраса, мешітке тиесілі аумақ көлемі 3 га жуық.


Жаңалықтармен бөлісу: