Талдықорғанда «Жаркенттіктер» ҰҚТ жетекшілеріне қатысты үкім шықты

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Талдықорғанда «Жаркенттіктер» ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілеріне қатысты үкім шықты, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметінен.
«6 тамызда Талдықорған қаласы мамандандырылған өңіраралық соты ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген «Жаркенттіктер» ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілеріне қатысты үкім шығарды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Сонымен, ведомство ақпарынша, Ж. Бегімбетов ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлімі (қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері), 194-бабы 4-бөлімі 1-тармағы (қорқытып алу), 262-бабы 1-бөлімінде (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
«М. Ниязов, жоғарыда көрсетілген баптардан басқа, қосымша ҚР ҚК 367-бабы 4-бөлімі (пара беру) , 392-бабы 1-бөлімінде (мемлекеттiк шекараны қасақана заңсыз кесіп өту) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге сотталды», - делінген хабарда.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті еске салғандай, 2015-2016 жылдары ҰҚК органдары («Қорғас» ХШЫО, ҚХР СУАА «Достық», «Дулати» бекетінде, Алматы және Алматы облыстары УСҚ маңдарында) контрабандамен айналысқан, сыртқы экономика қызметіне қатысушылардан қорқытып ақша алған, алаяқтықпен айналысқан Қазақстан мен Қытай азаматтарынан тұратын «Жаркенттіктер» трансшекаралық қылмыстық тобының жолын кескен болатын.
«2016 жылы ТҰҚТ (трансшекаралық ҰҚТ –ҚазТАГ) топтың 27 мүшесі, оның ішінде оларға қамқорлық жасаған кеден қызметінің лауазымды адамдары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда олардың жетекшілері Ж. Бегімбетов пен М. Ниязов қылмыстық қудалаудан жасырынып, оларға халықаралық іздеу жарияланған. 2018 жылдың қыркүйегінде М. Ниязов «Интерпол» ҰОБ желісі бойынша Қырғызстанда ұсталып, Қазақстан Республикасына экстрадицияланды. Ал Ж. Бегімбетов 2018 жылдың қарашасында Алматы облысында ұсталды», - делінген хабарда.

adimage