Талдықорғандықтарды мемнөмірлері жалған және құжаттары жоқ автобустар тасымалдап келген

Алматы. 10 қазан. ҚазТАГ - Талдықорғандықтарды мемнөмірлері жалған және құжаттары жоқ автобустар тасымалдаған, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстанда полиция 10-17 қазан аралығында ИИДМ көлік комитетімен, атқарушы органдармен және қоғам өкілдерімен бірге «Автобус атты кеңмасштабты профилактикалық шарасын бастаған еді. Аталмыш шара қоғамдық көліктің қатысуымен орын алатын ЖКО алдын алуға арналған. (…) лғашқы нәтижелер бойынша Талдықорғандаүш бағыттық автобустың жүргізушілері ұсталған. Олардың бірінің мемлекеттік нөмірі жалған болып шықса, басқаларының қандай да бір құжаттыр болмаған. Үш автобус та айыппұл тұрағына қойылды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Алматы облысы ПД бастығы Мұрат ҮрІмханов атап өткендей, шара барысында полицей жасағы көбейген.
«Ауылдық елді-мекендердегі жолдарда шараға учаскелік инспекторлар мен басқа қызмет қызметкерлері тартылған. Полицейлердің, қоғам өкілдерінің және көліктің бақылау иинспекциясының қызметкерлерінен мобильді топ құрылды, олар жолаушыларды заңсыз тасымалдау дерегін анықтайтын болады. Шара барысы ерекше бақылауға алынған, оның нәтижесі күн сайын ішкі істер минстріне баяндалатын болады», - деді ол.
Облыстық полиция ақпарынша, жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің кінәсінен 316 жол апаты тіркелген, оларда 50 адам қаза тауып, 553 –і зардап шеккен.

adimage