Талдықорғанның экс-әкімі ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ – Ермек Алпысов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«Үкіметтің қаулысымен Ермек Амантайұлы Алпысов Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Алпысов 2017 жылдан бастап қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды, ал оған дейін 2015 жылдан 2017 жыл аралығында — ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды. Оған дейін 2012–2015 жылдары — Талдықорған қаласының әкімі лауазымын атқарған.

adimage