Тамыз айында Қазақстандағы жұмыссыздық 4,8% деңгейінде қалды

Күні: 10:33, 16-09-2019.

Алматы. 16 қыркүйек. ҚазТАГ - Валентина Владимирская. Тамыз айында Қазақстандағы жұмыссыздық 4,8% деңгейінде қалды, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.
«Қазақстандағы жұмыссыздар саны, есептеулер бойынша 2019 жылдың тамыз айында 441,7 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,8% құрады», - делінген хабарламада.
Статистикаға сәйкес жұмыспен қамту органдарында 175,7 мың адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1,9% құрайды.


Жаңалықтармен бөлісу: