Тамызда Қазақстан банктерінің ссудалық портфеліндегі тұтынушы займы Т35 млрд өсті

Алматы. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Тамызда Қазақстан банктерінің ссудалық портфеліндегі тұтынушы займы Т35 млрд өсті, деп хабарлады Ұлттық банкі.
«2020 жылдың тамызында ЕДБ ссудалық портфеліндегі тұтынушы займы шілдеге қарағанда Т34,7 млрд немесе 0,8%-ға өсіп, Т4,3 трлн жетті», - делінген Ұлттық банк ресми сайтында орналасқан ақпарда.
Тамыз айында банктің ссудалық портфеліндегі компаниялар займы 1%-ға өсіп, Т4,2 трлн. дейін жетті, халықтың займы – 2%-ға өсіп, Т6,6 трлн. дейін жетті, шағын және орта бизнес (ШОБ) займдары – 2%-ға өсіп, Т4 трлн. дейін жетті.
Жалпы ЕДБ ссудалық портфелі тамызда шілдемен салыстырғанда өсім 2%-ды құрап, Т15,2 трлн. жетті.

adimage