Тамызда Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 7,5% өсті

Күні: 17:38, 05-09-2018.

Астана. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – 2018 жылғы тамызда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 29 146 теңгені құрады, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда   7,5% жоғары, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметінен.  
«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 7,5%, 2017 жылғы желтоқсанмен – 13,8%-ға жоғарылады», - делінген сәрсенбіде ведомство сайтындағы хабарда.  
Статақпарға сәйкес, оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,1%, жемістер мен көкөністерді – 14,4%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 13,9%, нан және жарма өнімдерін – 6,7%, қант, шай және дәмдеуіштерді 1,9%-ды құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: