Тамызда қазақстандықтар тек Конституция күні ғана қосымша демалыс алады

Күні: 13:38, 31-07-2019.

Алматы. 31 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Тамызда қазақстандықтар тек Конституция күні ғана қосымша демалыс алады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Қазақстанда тамызда мерекелерге байланысты демалыс күндерін жылжыту болмайды.
2019 жылы тамыз айында екі мейрам атап өтіледі: Құрбан-айт (11 тамыз) және Конституция күні (30 тамыз). Құрбан-айт биыл жексенбіге сәйкес келіп тұр. Алайда демалыс күні дүйсенбіге жылжытылмайды.
«Қазақстан Ресубликасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес егер демалыс күніне (сенбі және жексенбі) мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер сәйкес келген жағдайда демалыс күндері жылжытылады. Оған Жаңа жыл (1-2 қаңтар), Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз), Наурыз (21-23 наруыз), Қазақстан халқының бірлігі күні (1 мамыр), Отан қорғаушлар күні (7 мамыр), Жеңіс күні (9 мамыр), Астана күні (6 шілде), Конституция күні (30 тамыз), Тұңғыш президент күні (1 желтоқсан), Тәуелсіздік күні (16-17 желтоқсан) жатады.
Ал православтардың Рождествосы (7 қаңтар) мен Құрбан айттың бірініш күні (2019 жылы 11 тамыз) мемлекеттік те, ұлттық та мерекеге жатпайды. Олар ресми түрде жәй ғана демалыс күндері болып табылады. Сондықтан олар сенбі немесе жексенбі күндеріне сәйкес келіп қалғанда демалыс күндері жылжытылмайды.
Конституция күні 2019 жылы жұма 30 тамызға сәйкес келіп тұр. Соған байланысты қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады – 30-31 тамыз және 1 қыркүйек.


Жаңалықтармен бөлісу: