Танымал қазақстандық журналист Әбділдә Мұқашев өмірден өтті

Күні: 11:09, 28-01-2019.

Атырау. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Танымал қазақстандық журналист, «Ақ жайық» аймақаралық газетінің құрылтайшысы және шығарушысы Әбділдә Мұқашев өмірден өтті, деп хабарлады басылымның бас редакторының кеңесшісі Сабыр Қайырханов.
Оның айтуынша, Әбділдә Мұқашев Атырауда сенбі күні ұзаққа созылған науқастан кейін қайтыс болған. Оны жерлеу рәсімі 29 қаңтарда (сейсенбі күні) өтеді, журналистпен қоштасу және азаматтық жаназасы «Ақ жайық» газетінің ғимаратында болады.
58 жасар Ә.Мұқашев Атырау облысының тумасы, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің түлегі, еңбек жолын типографияда баспашы ретінде бастаған ол кейін «Прикаспийская коммуна» облыстық газетінің тілшісі болған.
«1991 жылы ол «Ақ жайық» газетін ашқан, аталмыш басылым тәуелсіздік жылдары аймақаралық басылымға айналып, қазақстандықтардың сөз еркіндігі мен құқығын қорғаған, еліміздің азаматтық қоғамының дамуына зор үлес қосқан. «Ақ жайық» газетіне көптеген басылым сілтеме жасайды, ол танымалдығы жағынан көптеген республикалық басылымнан асып түседі. Газет өзінің жеке баспахана кешенінде басылып шығады. Бұл әлбетте, Әбділдә Мұқашевтің еңбегі»,- деді Журналистер одағының басшысы Сейтқазы Матаев. 
Ә.Мұқашев республикадағы Журналистер одағының мүшесі, «Ұлттық баспасөз клубы» қоғамдық бірлестігінің Атырау филиалының ұйымдастырушысы, Қазақстанның құрметті журналисті болған.

Қазақстан Журналистер одағы марқұмның отбасына, достары мен әріптестеріне, өзі ашқан газеттің көптеген оқырмандарына қайғырып көңіл айтады.


Жаңалықтармен бөлісу: