Танымал қазақстандық журналист Жолдасбек Дуанабай өмірден озды

Күні: 11:48, 07-07-2020.

Алматы. 7 шілде. ҚазТАГ – Танымал қазақстандық журналист Жолдасбек Дуанабай өмірден озды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жолдасбек Дуанабай 5 күні түнде Қалқаманда №7 ауруханада қайтыс болды. Жедел-жәрдем көлігі оны алып кетуден бірнеше мәрте бас тартқан. Оның ентікпесі күшейіп, жағдайы ауырлаған. Кеше түнде әріптестерінің кеңесі бойынша ол өзі жедел-жәрдем көлігіне отырып, бірден жан сақтау бөліміне жеткізілген. Алайда қысқа уақыт ішінде қайтыс болған», - деді дүйсенбі күні журналист Назия Жоямергенқызы.
Жолдасбек Дуанабайдың өмірден озуына байланысты көптеген әріптестері ол туралы естеліктерімен бөлісті, ол ашық, кең жүректі және мейірімді, сондай-ақ өз ісінің маманы болатын десті олар. Еліміздегі жетекші қазақ тілді басылымдардағы қызықты, өткір мақалаларымен есте қалған ол «Жас Алаш» «Айқын» басылымдарында ұзақ жылдар жұмыс жасаған.
Қазақстан Журналистер одағы мен ҚазТАГ ХАА редакциясы танымал журналисттің кенеттен өмірден өтуіне орай марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.


Жаңалықтармен бөлісу: