Алматы. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Танзанияда паромның аударылуынан 40-тан астам адам мерт болды, деп жазады «Коммерсант».
«Паромның апатқа ұшырауы салдарынан Танзаниядағы Виктория көліне кем дегенде 44 адам батып кетті. Оқиға орнында 37 адам құтқарылып алынды», - делінген жұмада АР сілтеме жасалған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, паром екі арал арасына рейс жасаған – Юкора және Буголора.
«Бортта қанша адам болғаны туралы ақпар әр түрлі, жолаушылар саны 400-500 адам делінуде. Күннің батып кетуіне байланысты құтқару жұмыстары тоқтатылған. Аман қалғандарды іздестіру жұмыстары ертеңгісін қайта басталады», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, паром швартовка орнына бірнеше метр қалғанда аударылып кеткен.
Жергілікті билік қаза тапқандар саны 200 адамға жетуі мүмкін деуде.
Танзанияда паромның аударылуынан 40-тан астам адам көз жұмды
