Тараптар Қарашығанақ бойынша ақырғы келісімге қол қоюға жақын – Қ. Бозымбаев

Күні: 17:57, 08-02-2019.

Астана. 8 ақпан. ҚазТАГ - Қарашығанақтағы жобаға өнімді бөлу әдістемесі бойынша дауды реттеу қағидалары жөніндегі ақырғы келісімге қол қою жұмыстары аяқталуда, деп мәлім етті Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
«Қарашығанақ жобасы бойынша біз консорциуммен 2015 жылы бастама жасалған өнімді бөлу әдістемесі жөніндегі дауды реттеу қағидасы бойынша келісімге қол жеткіздік. Бүгін ақырғы келісімге қол қою жұмыстары аяқталуда», - деді Қ.Бозымбаев жұма күні министрлік алқасында.


Жаңалықтармен бөлісу: