Таратылған«Delta Bank» АҚ салымшыларының он пайыздайы ғана кепілді өтемақы алды – ҚДКБҚ

Алматы. 21 мамыр. ҚазТАГ – Таратылған «Delta Bank» АҚ салымшыларының он пайыздайы ғана кепілді өтемақы алды, деп хабарлады «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ баспасөз қызметнен.
«195 салымшы өтемақы алды, бұл салымшылардың жалпы санының 10% - нан аз», - делінген хабарда.
«DeltaBank» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтем агент банк арқылы 2018 жылдың 17 мамырынан бастап төленеді. Бір жыл ішінде салымшыларға жалпы сомасы 73,4 миллион теңгеге немесе міндеттемелердің жалпы сомасының 46% өтемақы төленді. Кепілдік берілген өтем алуға жүгінбеген «DeltaBank» АҚ салымшылары алдындағы ҚДКБҚ міндеттемелерінің қалдығы 84,6 миллион теңгені құрайды.
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ) «DeltaBank» АҚ салымшыларына өтем төлейтін «Банк ЦентрКредит» АҚ агент банкімен келісімнің қолданылу мерзімін ұзартты. «DeltaBank» АҚ салымшыларының 2019 жылғы 19 қарашаға дейін қоса алғанда кепілдік өтеу үшін агент банкке жүгіну мүмкіндігі бар.

adimage