Тараз ауруханасында сәбидің сатылуы туралы қосымша дерек пайда болды

Тараз. 25 қаңтар. ҚазТАГ – Тараз ауруханасында жаңа туған сәбидің сатылуы туралы қосымша дерек пайда болды, деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2023 жылғы 12 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері Тараз қаласы прокуратурасымен бірлесіп жүргізген арнайы іс-шара барысында жаңа туған баланы сату дерегін анықтады», – делінген хабарда.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандар саудасы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ал баланы сатып алушыға қатысты қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Нәресте Тараз қаласының сәбилер үйіне орналастырылды. Тергеу жалғасып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін ҚазТАГ Тараздағы қалалық көпбейінді ауруханада сәбиді сату дерегінің анықталғаны туралы хабарлаған еді.

adimage