Тараз прокуроры ауысты

Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ – Елдос Әмірхан Тараз прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлады Жамбыл облысы прокуратурасынан.
«Қазақстан Республикасы бас прокурорының 2019 жылғы 19 ақпандағы №30/6 бұйрығымен әділет аға кеңесшісі Әмірхан Елдос Тараз қ. прокуроры болып тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 2017 жылдың шілдесінен бастап Әмірхан бас прокурордың аға көмекшісі қызметінде болған.

adimage