Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Таразда АҚШ-тан әкелінген үйрек етінен сальмонелла табылды, деп хабарлады Қазақстаның денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде Тараз қаласындағы ЖК У. А. Қалымбетованың «Береке» дүкенінде Қазақстанға жеткізілетін АҚШ-тың үйрек еті сынамасында сальмонелланың анықталуына байланысты гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарының бұзылғаны анықталғанын хабарлайды», - сообщили в КООЗ в понедельник.
Комитетте атап өткеендей, осындай сальмонелла жұқтырылған өнімді тамаққа пайдалану қолайсыз салдарларға алып келуі мүмкін.
«Атап айтқанда, Salmonella тектес бактериялар негізінен жүректің айнуын, құсу, әлсіздік, диарея, іштің ауыруын тудырып, асқорыту жолдарын зақымданумен сипатталады, уақыт өте келе адамның жағдайы нашарлауы мүмкін, мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу ұсынылады», - деді ведомстводан.
Таразда АҚШ-тан әкелінген үйрек етінен сальмонелла табылды
