Алматы. 3 мамыр. ҚазТАГ - Таразда автобус пен «жедел-жәрдем» көлігінің қатысуымен ЖКО орын алды, төрт адам зардап шекті, деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылғы 3 мамырда Таразда «ГАЗель-32214» маркалы жедел-жәрдем көлігі мен Dongfeng маркалы жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Соқтығысу салдарынан жедел-жәрдем көлігі аударылып қалды. Жолаушылар автобусының бір жолаушысы мен жедел-жәрдем көлігінің үш жолаушысы зардап шекті. Зардап шегушілердің барлығы облыс орталығындағы ауруханаға жеткізілді», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, аталмыш дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.
Таразда автобус пен «жедел-жәрдем» көлігінің қатысуымен ЖКО орын алды
