Таразда бұрын сотталған павлодарлықтан 20 кг астам марихуана тәркіленді

Алматы. 11 маусым. ҚазТАГ - Таразда бұрын сотталған павлодарлықтан 20 кг астам марихуана тәркіленді, деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«9 маусымда «Көкнәр-2019» ЖПШ барысында Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараздағы автовокзал жанынан бұрын сотты болған Павлодар қаласының 39 жасар тұрғынын ұстаған. «Бава» есімді қызметтік итті қолдану арқылы тінту жүргізу барысында оның сөмкесінен жалпы салмағы 21 кг 400 гр болатын «кептірілген марихуана» есірткі құралы тәркіленген» - делінген сейсенбідегі хабарда.
Полицияда хабарланғандай, күдікті ісін мойындап түсінік берген және Тараздағы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына тоғытылған, ҚР ҚК 296 б. 4 б. бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

adimage