Таразда байкерлер жазаланды

Алматы. 7 тамыз. ҚазТАГ – Таразда байкерлер жазаланды, деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 6 тамызында Тараз қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Тараз қаласын айналып өтетін жол мен Төле би көшесінің бойында жиналған мотоциклшілер тарапынан бірнеше бұзушылықтар болғанын анықтады.  Honda, Suzuki және Peda маркалы мотоциклдерінің жүргізушілері көлік құралдарын қолдану ережесін бұзғандары үшін жауапқа тартылды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, байкерлерге қатысты ҚР ӘҚбК 590 бабы 1 бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
«Мотоциклдердің басқа жүргізушілері ЖЖЕ сақтау туралы ескертіліп, Тараз қаласы аумағында жарысуға жол бермеу қажеттігі туралы айтылды», - деді полицейлер.

adimage