Таразда бес қабатты үйден шыққан ірі өрт сөндірілді

Күні: 11:16, 31-05-2019.

Астана. 31 мамыр. ҚазТАГ – Таразда бес қабатты үйден шыққан ірі өрт сөндірілді, деп хабарлады бейсенбіде Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«Өрт 22.11-де сөндірілді», - деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов бейсенбіде.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, Таразда бес қабатты үйдің шатыры өртенген. Өрттің пәтерлерге шарпу қаупі жоғары болған. Сондықтан ғимараттан 170-тен астам адам қауіпсіз жерге шығарылған.


Жаңалықтармен бөлісу: