Таразда дәмхана мен асхана өртенді

  Тараз. 29 маусым. ҚазТАГ-Таразда кафе мен асхананың жазғы алаңы жанып кетті, деп хабарлайды Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
  "29 маусымға қараған түні Қонаев көшесіндегі тұрғын үй аумағындағы жазғы асхананың өрті туралы хабарлама келіп түсті. Үй Holsten кафесіне жақын орналасқан, өрт мекеменің жазғы алаңына жайылды", - делінген хабарламада.
Өртті жеке құрамнан 24 адам және бес бірлік техника сөндірді. Өрттің жалпы ауданы 150 шаршы метрді құрады.
  Тұрғын үйдің жазғы ас үйі, беседка және кафенің шатыры толығымен жойылды делінген хабарламада. Өрт 2.27-де сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

adimage