Таразда көлік салонынан 21 кг астам кептірілген марихуананың табылу дерегі бойынша тергеу басталды

Алматы. 16 шілде. ҚазТАГ - Таразда көлік салонынан 21 кг астам кептірілген марихуананың табылу дерегі бойынша тергеу басталды, деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Көлік салонын тексеру кезінде тәртіп сақшылары салмағы 21 кг 360 гр болатын кептірілген марихуана салынған екі қап тапқан. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 296 б. 4 б. бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Полицияда нақтылағандай, 28 жасар Тараз тұрғыны айдап келе жатқан Volkswagen Golf маркалы автокөлігін 8 шілде күні таңертеңгісін облыс орталығын патрульдеу аясындағы Тараз полиция басқармасының (ПБ) жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) патрульдік полиция батальоныныің қызметкерлері тоқтатқан.

adimage