Таразда кәмелетке толмаған қыз баланы зорлағаннан кейін мектеп директоры мен үш қызметкер жұмыстан босатылды

Астана. 19 қараша. ҚазТАГ – Таразда кәмелетке толмаған қыз баланы зорлағаннан кейін мектеп директоры мен үш қызметкер жұмыстан босатылды, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) қызметінен.
«ҚР БҒМ балаларға қатысты зорлық әрекеттерінің жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіреді. Қазіргі таңда аталған факт бойынша (Таразда жетінші класс оқушысының дәретханада қорлануы – ҚазТАГ) құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде. ҚР «Білім туралы» Заңының 45 бабына сәйкес білім беру ұйымының басшысы оқу-тәрбие процесі кезінде оқушылардың, тәрбиеленушілер мен оқытушылардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапты. Соған байланысты мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика пәні мұғалімі және вахтер білім беру саласындағы жергілікті уәкілетті органның шешімі бойынша қызметтерінен босатылды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Сонымен қатар, министр Жамбыл облысының білім басқармасына зардап шеккен оқушыға психологиялық көмек көрсету үшін қажетті шаралар қабылдауды, үйде жеке оқытуын ұйымдастыруды тапсырды.
«Бас прокуратура мемлекеттік органдармен бірлесіп қолданыстағы заңнамаға әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату бөлігінде өзгерістер әзірлеп, ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізді», - деп еске салды ведомстводан.
Жамбыл облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінде хабарлағандай, кәмелетке толмаған қыз баланы зорлау дерегі туралы хабар 15 қараша күні Тараздағы полиция басқармасының «102» тетігіне жедел медициналық көмектен түскен. Аталмыш дерек бойынша облыстағы ПД ҚР ҚК 120 бабы 4 бөлімі және 121 бабы 4 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Аса ауыр қылмыс жасаған күдікті ұсталды. Зардап шегуші оны таныды. Қазіргі таңда ол Тараздағы УҰИ уақытша тоғытылды.
БАҚ ақпарынша, оқиға сырттағы дәретханада болған. Зардап шегуші - сабақ кезінде сырттағы дәретханаға сұранып шыққан жетінші класс оқушысы.

adimage