Таразда көпқабатты тұрғын үй өртенуде

Астана. 16 қазан. ҚазТАГ - Таразда көпқабатты тұрғын үй өртенуде, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«16 қазанда сағат 15.30-да Тараздағы «101» тетігіне 2 ықшамауданда бес қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Сағат 15.34-те алғашқы өрт сөндірушілер келіп жеткенде шамамен 100 ш.м. алаңда шатыр өрт еніп жатты. (…) қабылданған шаралар арқылы 840 ш.м. алаңдағы өрт 16.41-де ауыздықталған», - деді Нұрахметов сәрсенбіде.
Ол атап өткендей, қазіргі таңда тұрғындарды шығару мен өрт сөндіру шаралары жүргізілуде.
«Өртті ауыздықтауға ТЖД жеке құрамдағы 46 адамы мен тоғыз бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Полиция қызмектерлері үй аумағын қоршауға алды», - деді ТЖК ресми өкілі.

adimage