Таразда қоқыстан нәрестенің денесі табылды

Күні: 11:15, 01-11-2018.

Алматы. 1 қараша. ҚазТАГ – Тараздық өрт сөндірушілер контейнерлер жанындағы өртті сөндіріп жатып, қоқыстан нәрестенің денесін тапты, деп хабарлады   Ktk.kz.
«От ұшқыны мен жапырақтардан шыққан түтінді жақын маңдағы көпқабатты үйдің тұрғындары байқаған. Өрт сөндірушілерді де солар шақырған.  Нәрестенің жансыз денесі өртенген жапырақтар үйыіндісінің арасынан шыққан.   Куәгерлер шамамен жарты сағат бұрын осы жерде екі қыздың жүргенін көрген», - делінген хабарда.  
Хабарда атап өтілгендей, жаңа туылған сәби өліп кеткен.
Енді полиция қызметкерлері жаңа туылған сәбидің неден қаза болғанын, қоқысты кім өртегенін және шақалақтың анасының қайда жасырынғанын анықтайтын болады.


Жаңалықтармен бөлісу: