Астана. 19 желтоқсан. ҚазТАГ – Таразда сотталушыға салыға қосып есірткі затын беру дерегі тексерілуде, делінген ҚР ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметінен.
«Жете тексеру кезінде ЖД-158/2 мекемесіне күйеуімен кездесуге келген азаматшаның азық-түлік заттарынан доңыз майының ішінен (салы) фольга қағазына оралған 6 түйіншек табылды. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша алынған зат 20 грамды құрайтын гашиш есірткісі екені анықталды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, мереке күндері орын алған оқиға ҚР ҚК 297-бабына (ірі көлемдегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) сәйкес Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.
«Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде», - делінген хабарда.
Таразда сотталушыға салыға қосып есірткі беру дерегі тексерілуде
