Таразда төрт адам зардап шеккен ЖКО тексерілуде

Күні: 12:07, 31-10-2019.

Алматы. 31 қазан. ҚазТАГ - Таразда төрт адам зардап шеккен ЖКО тексерілуде, деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«26 қазанда сағат шамамен 04.00-де Таразда Тәуке хан мен Саңырақ батыр көшелерінің қиылысында Lada және Opel Astra көліктері соқтығысқан, сосын Opel Astra бағдаршамға соққан. ЖКО салдарынан Opel Astra көлігінің үш жолаушысы түрлі жарақаттарымен бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. ҚР ҚК 345 бабы бойынша (автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы) тергеу амалдары басталды, екі көлік те айыппұл тұрағына қойылды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Сараптама қорытындысы бойынша Lada көлігінің 27 жасар жүргізушісінің «орташа деңгейдегі» алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
«Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдарының жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүргізілуде», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: