Алматы. 27 ақпан. ҚазТАГ – Тараздағы көпқабатты үйде жарылыс болып, екі адам мерт болды, деп хабарлады «ҚазТАГ» ХАА-не Жамбыл облысының ТЖД баспасөз қызметінен Сәуле Мұнатаева.
«Жарылыс 27 ақпанда 9-ықшамауданда ертеңгісін орын алған. Екі адам мерт болды», - деді Мұнатаева сәрсенбіде.
Оның ақпарынша, үйден 300 адам эвакуацияланған.
«Бірінші өабаттан үшінші қабатқа дейін зақым келген. Оқиға орнында жедел қызмет, психологтар жұмыс жасауда, жедел желі ашылған», - деп хабарлады ТЖД өкілі.
Оның айтуынша, жарылыс екінші қабаттағы пәтерден шыққан, қазіргі таңда ТЖ себебі анықталуда.
Тараздағы көпқабатты үйде жарылыс болып, екі адам мерт болды
