Тараздағы көп қабатты үйдегі жарылыс: зардап шегушілердің біреуі көз жұмды

Тараз. 15 наурыз. ҚазТАГ – Тараздағы көп қабатты үйдегі жарылыстан зардап шегушілердің бірі көз жұмды, деп хабарлады Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасынан.
Хабарда нақтыланғандай, 1954 жылы туылған Сағынбек Арапбек Көбейұлы көз жұмды.
«Науқаста күйік шалумен бірге жарақат та болды, соның салдарынан көп ағзалық жетіспеушілік синдромы туындады, ол жүрек және өкпе жұмысын әлсіретіп, науқас көз жұмды. Осы уақыт бойы науқасқа жан сақтау бөлімінде барлық көмек көрсетілді. Бірақ кеше, 14 наурызда сағат 23.00-де ол қайтыс болды», - деді Тараз қалалық ауруханасының күйік бөлімшесінің меңгерушісі Әбілсейіт Сыдықов.
Ол атап өткендей, марқұмның алған жарақаттары өте ауыр болған.
Еске салсақ, 27 ақпанда сағат 6.21-де Таразда 9 ықшамауданында орналасқан нөмірі 62-ші үйдің төртінші подъезінде үш қабатта жарылыс болды. Ақпарға сәйкес, ТЖК күшімен қажетті мамандар мен техника жұмылдырылды, үйдегі барлық тұрғынды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілді. Үйінді астынан сегіз адам табылды, қаза болғандар бар. Зардап шегушілердің жағдайы тұрақты ауыр. Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдегендей, қаза болғандардың арасында бала да бар. Кейін вице-премьер Жеңіс Қасымбек тоғыз адамның зардап шеккенін нақтылады
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша вице-премьер Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылып, комиссия мүшелері Таразға оқиға орнына барды. Жағдайға түсінік берген мемлекет басшысы мұндай жағдайда өңірлік билік пен азаматтардың өзінің жауапкершілігі керек екенін мәлімдеді.
Қала билгі зардап шеккен отбасыларға Т1млн сомадан ақша төлеуге уәде берді.
ТЖК алдын-ала ақпары бойынша, жарылыстың орын алуына газ құралын дұрыс пайдаланбау себеп болған.

adimage