Таразда жасыл желектерді күтіп ұстауға Т1,7 млрд жұмсаған

    Астана. 5 сәуір. ҚазТАГ – Тараз қаласында жасыл желектерді күтіп ұстау жұмыстарына Т1,7 млрд жұмсаған.
   «Тапсырыс беруші – «Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ; атауы - жасыл көшеттерді ұстау бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Тараз қаласын абаттандыру және көгалдандыру; жоспарлы сома - Т1 723 214 285,72», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
   Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 15 наурыз бен 27 наурыз аралығында өткен.
   Жеңімпаз – «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС.

Фото көзі: kfh-fruktovyjsad.ru


adimage