Тараздың жаңа әкімі тағайындалды

Алматы. 24 сәуір. ҚазТАГ – Тараз қаласының әкімі болып Қайрат Досаев тағайындалды, деп хабарлады «ZhambylNews» АА.
Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Досаев Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі болған.
2014-2017 жылдары ол Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі болған. 2007-2014 жылдары «Мекен» ЖШС директоры, «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ департаментінің вице-президенті, департамент директоры, «Қазспортинвест» АҚ вице-президенті болған. 2001-2007 жылдары Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Қаратал ауданының әкімі, ҚР төтенше жағдайлар министрінің көмекшісі болған.

adimage