Тараздың жаңа әкімі тағайындалды

Алматы. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Тараздың жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тараз әкімі болып Айтқазы Қарабалаев тағайындалды», - деп растады ҚазТАГ ХАА тілшісіне сейсенбі күні Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрадин Ракай.
Еске салсақ, 15 қарашада мектеп ауласында сырттағы дәретханада қыз баланы зорлап кеткен болатын. Зардап шегуші сабақ кезінде дәретханаға сұранған жетінші класс оқушысы екен. Аталмыш дерек бойынша облыстағы ПД ҚР ҚК 120 бабы 4 бөлімі және 121 бабы 4 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Аса ауыр қылмыс жасаған күдікті ұсталды. Зардап шегуші оны таныды. Қазіргі таңда ол Тараздағы УҰИ уақытша тоғытылды.
21 қарашада ҚР президенті Қасым-Жомарт Тотқаев Жамбыл облысының әкіміне Тараз әкімі Қайрат Досаевты қызметінен босату туралы тапсырма берді, облыс әкіміне «12 жасар оқушы зардап шеккен Тараз мектебіндегі жағдайға байланысты және қала басшысының жұмысында жүйелі түрде кемшіліктер жібергені үшін» облыс әкіміне ескерту берді.
Сол күні Досаев қызметінен босатылды. Тараз әкімінің уақытша міндетін атқарушы болып Бейсенбек Жанбосынов тағайындалды.

adimage