Тарифтік соғыс жаһандық құлдырау қаупін тудыра алмайды – ХВҚ

Күні: 15:37, 06-06-2019.

Алматы. 6 маусым. ҚазТАГ - Тарифтік соғыс жаһандық құлдырау қаупін тудыра алмайды, деп санайды Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы Кристин Лагард.
«ХВҚ басқарушы директоры Кристин Лагард ХВҚ қазіргі таңда АҚШ пен Қытай арасындағы ұлғайып бара жатқан сауда соғысы салдарынан және Құрама Штаттардың мексикалық тауарлар мен автомобильдерге әлеуетті түрде тарифтер енгізуінен жаһандық құлдырау қаупін көріп отырған жоқ деп мәлімдеді», - делінген Reuters хабарында.
Алайда, Лагардтың айтуынша, жаңа тарифтер енгізу қаупі бизнес пен нарық сеніміне селкеу түсіріп, алдағы жылы көтеріледі деп күтіліп отырған экономикалық өсімді бәсеңдетуі мүмкін.
«Біз құлдырау болуының белгілерін көріп отырған жоқпыз. Өсімнің бәсеңдеі мүмкін, десек те өсім осы жылдың аяғында 3,3% құрайды», - деді Лагард.


Жаңалықтармен бөлісу: