ТАРИХШЫ МҰҒАЛІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

Қызылорда. 17 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қаладағы №262 мектеп-гимназиясының базасында тарих пәні мұғалімдерінің аудандық олимпиадасы өткізіліп жатыр.

Екі кезең бойынша қатысушылар тест тапсырып, жалпы 104 мұғалімнен қазір 73-і іріктеліп, бақтарын сынауда. Тарих пәні мұғалімдерінің олимпиадасына Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтбай, осы кафедраның аға оқытушысы Қыдыр Өткелбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Бөрі Дабылов қазылық етуде.

Сарапшылардың мәлімдеуінше,1 кезеңде Қазақ хандығының құрылуына қатысты 100 сұрақ, 2 кезеңдеҚазақстан тарихы және қазақ мәдениеті, өнері, Жалпы тарихтан 100 сұрақ берілген. 73 мұғалімніңарасынан сыннан сүрінбей өткендер 3 кезеңде берілген тақырыптар бойынша эссе жазады. Олимпиада жеңімпаздарын 14 қыркүйек күні анықталады.

adimage