Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Тас жолдарда планшеттен көлік пен оның жүргізушісінің мәліметтерін тексеру уақытты қажет етеді, деп мойындады Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди.
«Біздегі барлық жол тиісті түрде мобильді интернетпен қамтылмаған. Бүгінде бұл жұмыс (планшетте мәліметтерді тексеру – ҚазТАГ) радиостанцияға немесе тәулік бойы жұмыс жасайтын кезекші бөлімге, немесе интернеті бар жерде жүрген жасаққа хабарласып қажетті мәліметті сұрату арқылы жүріп жатыр. Оған орташа есеппен 3-5 минут уақыт кетеді»,- деді бейсенбі күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын талқылу барысында Калайчиди.
Яғни, оның айтуынша, белгілі бір қолайсыздықтар бар, бірақ оларды да шешуге болады.
Қабылданған түзетулер бойынша жүргізушілер өздерімен бірге көлік жүргізу куәлігі мен техқұжатын алып жүрмесе болады. Сәйкесінше, ол құжаттарының қасында болмағаны үшін айыппұл да салынбайды. Барлық мәлімет электронды базада сақталады – тек жеке куәлігін көрсетсе жеткілікті.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34