Алматы. 11 наурыз. ҚазТАГ – 10 наурызда Ташкент–Астана жаңа халықаралық автобус рейсі ашылды, деп хабарлады Podrobno.uz.
«Өзбекстан мен Қазақстан 10 наурыздан бастап Ташкент–Астана жаңа мемлекетаралық автобус рейсін ашты. Жаңа маршруттың қашықтығы 1646 км құрайды, ал жолдағы уақыты – 27 сағат 30 минут. Бір бағытқа билет құны 312 мың сом тұрады. Жолаушыларға Yutong заманауи автобустары қызмет көрсететін болады», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, автобустар Астанадан 15.00, 16.00, 17.00, 18.00-де шығады, ал Ташкенттен –12.00, 14.00, 16.00, 18.00-де шығады.
«Бұл маршрут Қарағанды (Қазақстан) арқылы өтеді. Тасымалдаушылар осы жерде аялдайтын болады. Қарағандыға дейін жол жүру құны 260 мың сом тұрады», - деді «Узавтотрансе».
Бүгінгі таңда Өзбекстан мен Қазақстан арасында алты мемлекетаралық автобус маршруты іске қосылған еді: Ташкент–Шымкент, Ташкент–Алматы, Ташкент–Қызылорда, Ташкент–Түркістан, Нөкіс – Үшқоңыр, Шыршық–Ұшқын.
Т1 = 22,16 өзбек сомы (11 наурыздағы жағдай бойынша).
Ташкент–Астана жаңа халықаралық автобус рейсі ашылды
