Тасмағамбетов Мәскеуде ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысады

Күні: 15:53, 10-11-2014.

Астана. 10 қараша. ҚазТАГ – ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Мәскеуде ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлады ҚР қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметінен.  
«ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов 2014 жылдың 11 қарашасында Мәскеуде өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы елдер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысады (ТМД ҚМК)», - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарда.
Күн тәртібіне сәйкес отырысқа қатысушылар Достастыққа мүше елдер қорғаныс ведомстволарының көпжақты әріптестік ынтымақтастығының түрлі бағыттары бойынша 20-дан астам мәселені талқылайтын болады.
Бұдан басқа, Қазақстан Қорғаныс министрі ТМД-ға қатысушы елдердің қорғаныс министрлерімен екіжақты кездесулер өткізеді.


Жаңалықтармен бөлісу: