Тасмағамбетов Назарбаевқа Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті

Күні: 18:13, 13-10-2014.

Астана. 13 қазан. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.
«И.Тасмағамбетов Мемлекет басшысын елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ инвестициялық жобалар мен негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жөнінен хабардар етті», - делінген Ақорданың ресми сайтында дүйсенбіде жарияланған хабарда.
Хабарда айтылғандай, Қазақстан Президенті Астананың өз-өзін қамтамасыз ету деңгейі өсіп келе жатқанына және оған жұмсалған қаражаттың айтарлықтай тиімділігі байқалатынына назар аударды.
И.Тасмағамбетов инвестиция, құрылыс, қызмет көрсету және сауда сияқты салалардың дамуында оң қарқын бар екенін айтты. Қала әкімі республикалық бюджеттен трансферттелетін қаржы көлемі шаһардың өз кірісінің молаюы есебінен азайып келе жатқанын да атап өтті.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Жаңалықтармен бөлісу: