Алматы. 3 қыркүйек. ҚазТАГ - Тайвань ағылшын тілін ресми тіл ретінде қабылдамақ, деп хабарлады «Известия».
«Ағылшын тілі 2019 жылы Тайваньда ресми тіл ретінде қабылданбақ», - деп келтіреді Hong Kong FP Қытай Республикасы премьер-министрі Уильям Лайдың Тайвандағы сөздерін.
Хабарда атап өтілгендей, аталмыш шаралар тайвандықтар арасында тілді игеру деңгейін арттыруға бағытталған, бұл арал тұрғындарына шетелде жұмысқа тұруға көмектеседі.
Атап айтсақ, арал билігі елдің барлық аумағында бірінші кластан бастап ағылшын тілін оқытатын екі тілді мектептер салуды жоспарлап отыр.
2016 жылы білімді тестілеу қызметі (ETS) Тайваньның ағылшын тілін меңгеру бойынша аутсайдерлер ондығына кіреді деп хабарлады. Ағылшын тілін халықаралық іскери қарым-қатынас деңгейінде меңгеруге тест тапсырған тайваньдық студенттердің бағасы тестілеуден өткен 49 елдің 40-шысы болып тұр.
Тайваньды 1949 жылдан бері өзінің әкімшілігі басқарады, бірақ құрлықтық Қытай аралды өз провинциясы деп санайды. Тайбэй «Қытайдың бөлінбейтін және бірыңғай ұстанымын» мойындмайды және ҚХР-дан тәуелсіздік алып шығуға үмітті.
Тайвань ағылшын тілін ресми тіл ретінде қабылдамақ
