Теңге бағамы 0,3% деңгейінде нығайды – Ұлттық банк

Астана. 11 маусым. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Теңге бағамы 0,3% деңгейінде нығайды, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев.
«Ол соңғы күндері жағдай тұрақтанғанын атап өтті. Ұлттық валюта бағамы 5 - 10 маусым аралығында 0,3%-ға нығайды. 2019 жылғы 10 маусымдағы жағдай бойынша айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 383,04 теңге болды», - деді Досаев сейсенбі күні үкімет отырысында.
Оның пікірінше, соңғы уақытта ішкі валюта нарығындағы ахуал мұнайдың әлемдік нарығының ықпалымен дамуда.
«27 мамыр – 5 маусым аралығында әлемдік экономикадағы сауда талаптары қатаңдатылды. Нәтижесінде мұнай бағасы 13%-ға жуық 60,6 АҚШ долларына дейін төмендеді. Алайда өткен аптаның соңғы екі күнінде бір баррель үшін 63,3 АҚШ долларына дейін түзету болды», - деді Досаев.
Сонымен қатар төлем балансында жағдайдың жақсаруы теңгеге қолдау көрсетуде. Ағымдағы шот 2 тоқсан бойы профицитпен қалыптасып отыр. .
«Алдын ала бағалау бойынша 2019 жылғы 1-тоқсанда сауда балансы 14,4%-ға өсіп 7,1 млрд АҚШ долларын құрады, ал ағымдағы операциялар шотының профициті 0,8 млрд АҚШ доллары болды Тауарлар экспорты 9,9%-ға немесе 14,9 млрд АҚШ долларына дейін, ал тауарлар импорты 6,1%-ға немесе 7,8 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды», - деді Ұлттық банк басшысы.
Ол 2019 жылғы 1 маусымда алдын ала деректер бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің жалпы алтынвалюта резервтері мамыр айында 3,5%-ға немесе 948 млн АҚШ долларына ұлғайып, 28 млрд АҚШ долларын құрағанын қоса айтты.

adimage