Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы 180,87/$1 болды

Күні: 11:28, 24-10-2014.

Алматы. 24 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т180,87/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы өзгерген жоқ.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 180,86 – 180,88 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $259,8 млн болып, жасалған мәміле 112 болды.


Жаңалықтармен бөлісу: