Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы 180,87/$1 болды
Күні: 11:42, 31-10-2014.
Алматы. 31 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т180,87/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы өзгерген жоқ.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 180,86 – 180,87 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $161 млн болып, жасалған мәміле 105 болды.